Жеңіс ескерткіштері: онлайн кездесу
6 мамыр күніАбай кітапханасында Жеңістің 80жылдығы аясында «Тастағы соғыс тынысы: Семей және Могилев мемориалдарымен және ескерткіштермен танысу» тақырыбында Могилев кітапханасымен онлайн кездесу өткізілді. Бұрынғы Кеңес ОдағыныңаумағындаҰлыОтансоғысыныңоқиғаларыменбатырларынакөптегенескерткіштер арналған.
Біздің қаламызда да Ұлы Отан соғысының оқиғаларына арналған бірқатар ескерткіштер бар. Аталмыш ескерткіштердің кейбіреулері өте танымал деуге болады. Бұл ескерткіштер 1941-1945 отты жылдардағы барлық азап пен азаны сезінуге мәжбүр етеді.
Ол ескерткіштерді атап айтсақ: Семей қаласының Жеңіс алаңында орналасқан «Мемориалдық кешен», «Азат етуші жауынгер» ескерткіші, Жеңіс хабаршысы ескерткіші, Комсомол кентінің ауданындағы № 3592 эвакогоспиталі, сондай-ақ, Семей-Павлодар тас жолы бойында орналасқан Семей құрылыс зауыты ауданындағы № 3593 эвакогоспиталі ескерткіштері. Бұл ескерткіштер туралы телекөпір кездесушілеріне Семей қаласының тарапынан Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер мектеп-лицейінің шәкірттері Т. Измайлов, Ш.Назаров, А.Жұмағазиндер ақпарат берді.
В. И. Ленин атындағы Могилев облыстық кітапханасы ҚК жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі М. В. Елисеева Могилев қаласынан телекөпірге қатысушыларды таныстырып, Могилев қаласындағы капитан К. Владимиров батальонының жауынгерлеріне арналған ескерткіші, «Землянка» мемориалдық кешені, «Жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіш», «Соғыс балалары» аталатын отты жылдарды еске салатын ескерткіштер туралы ақпараттар берді.