Аналарға арналған гүл шоғы: шеберлік сағаты
Қазақстанда аналар күнін мерекелеу аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушылары арасында «Анаға арналған гүл шоғы» атты шеберлік сағатын өткізді.
Бұл мереке аналарды құрметтеу мақсатында белгіленген күн. Аналар күні-мейірім мен махаббатқа толы, жан жылуын сыйлайтын атаулы күн. Бұл мереке отбасылық құндылықтарды дәріптеп, анаға деген құрметті арттыруға бағытталған. Осы атаулы күнге орай үйірме қатысушылары ауа ермексазынан әдемі гүл шоқтарын жасап аналарына алғыс айтып, үлкен мейіріммен табыстады.