Ш.Қалдаяқовтың шығармашылық жолы: танымдық-сазды кеш
16 мамыр күні Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде Абай кітапханасының мамандары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық жолы» атты танымдық-сазды кеш өткізді. Колледж студенттері Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өмірімен таныстырылды. Студенттер оның 1956 жылы «Менің Қазақстаным» әнін жазғанын, ол кейін Қазақстанның қазіргі әнұранына айналғанын білді. Ш. Қалдаяқов «Қайдасың», «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Сарыжайлау» сынды көптеген танымал әндердің авторы, оның шығармашылық мұрасына басқа да 55 төл әндері бар, соның ішінде көптеген вальстер енген, сондықтан Шәмші Қалдаяқов «Қазақ вальсінің патшасы» атанған.
Көрермендер Шәмші Қалдаяқовтың «Қуаныш вальсі», «Қайдасын», «Бақыт құшағында» сынды бірнеше әндерін тыңдауға мүмкіндік алды. «Шәмші Қалдаяқов – Қазақстан халқының дара тұлғасы» деректі фильмінің көмегімен Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығының толық көрінісі ұсынылды.
Сондай-ақ, кеш Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалаларына шолу жасаумен толықтырылды. Атап айтар болсақ, Е. Әкімқұловтың «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы», О. Бодықовтың «Шәмші Қалдаяқов: хикаяттар», «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған: Шәмші Қалдаяқов туралы естеліктер» кітаптары, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың «Сағынышым менің» және «Бақыт құшағында» ән жинақтары.