«Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі»: эссе байқауы
21 мамыр күні Абай кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» атты оқушылар арасындағы эссе жазудан облыстық байқау өтті. Байқаудың мақсаты – қазақтың Ұлы ақыны Абайдың мол мұрасын насихаттап, жастарға оның тәрбиелік мәнін жеткізу. Сайысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған 6 және 10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
Әділқазылар алқасының құрамында Шәкәрім университетінің оқытушылары болды: ф.ғ.к, профессор Токсамбаева Айман Омаркановна, аға оқытушы, ф.ғ.к Қабышев Талғат Болатұлы, аға оқытушы, п.ғ.к, доцент және Муканова Қаршыға Қайроллаевна. Байқаудың әділ бағасын берген қазылар алқасы көпшілік арасынан суырылып шыққан жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс қорытындысы бойынша 6-сыныптар арасында Жаңасемей ауданы «Шүлбі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның оқушысы Надирова Даяна I орын алса, Семей қаласы «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның оқушысы Өкен Аружан II орынды қанжығасына байлады. Ал Көкпекті ауданы «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ Мақсат Айдана III орынды иеленді.
10-сыныптар арасында Мақаншы ауданы «Жарбұлақ орта мектебі» КММ-ның оқушысы Турсумбаев Мерей I орынға ие болды. Ал II орынды Абай ауданы «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ-ның оқушысы Оралханова Диана, III орынды Жаңасемей ауданы «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның оқушысы Дюсембай Зарина алды. Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды.
Барлық оқушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталып, кітап сыйға алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!