Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Абай кітапханасының қызметкерлері 31767 әскери бөлімінде әдеби сағат ұйымдастырды.
Шара барысында әскери қызметкерлерге ҚР Мемлекеттік рәміздеріне қатысты қызықты тарихи деректер ұсынылып, олардың шығу тарихы, авторлары және мағынасы кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, патриоттық рухты дәріптейтін мазмұнды ақпарат айтылып, танымдық викторина ойнатылды. Кітапхана ұжымы дайындаған тақырыптық кітап көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Онда мемлекеттік рәміздерге қатысты әдебиеттер, танымдық басылымдар мен анықтамалар қойылды.
Аталған шара кітапхана мен әскери бөлім арасындағы мәдени байланыс пен патриоттық тәрбие беру бағытындағы игі іс-шаралардың біріне айналды.