Президент Жолдауы-ел дамуының басым бағыттары: экспресс-мінбе
Абай атындағы кітапханада 5511 әскери бөлімшесінің сарбаздарымен «Президент Жолдауы-ел дамуының басым бағыттары» тақырыбында экспресс-мінбе ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері сарбаздарды биылғы жолдаудың негізгі стратегиялық басым бағыттарымен таныстырды.
Жолдаудағы өзекті мәселелер, дамыған 30 елдің қатарына енудің қағидаттарына баса назар аударылды. Схема түрінде Еліміздің экономикасын дамытудың 7 стратегиялық бағыты, әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық бағыттары мен стратегиялық дамудың 7 негізгі тұжырымдама ұсынылды. «Мәңгілік ел» – ұлттық идеяға аса мән беріліп, экспресс-мінбе слайд көрсетілімімен жалғасты. Іс-шараға 82 сарбаздар қатысты.