Айтайын, туған жерді мақтанышпен: өлкетану сағаты
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының библиографтары 2014 жылдың 10 ақпанында 5511 әскери бөлімшесінің ақпаратқа деген сұранымын қолдай отырып, «Айтайын, туған жерді мақтанышпен» атты өлкетану сағатын өткізді. Жастарды азаматтық ұстаным мен Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеуде маңызы зор шара «Семей өңірінің тарихи» тұлғалары аясында өткізілді.
Шарада биылғы жылы есімдері аталып өтілетін Б.Төлегенова, Ж.Кәрменов, Ә.Толғанбаев. Т.Жомартбаев, Н.Коншин, тағы басқа тұлғалардың кейінгі ұрпақтарға мақтанышпен айтуға тұрарлық өнегелі өмірі, саналы қызметтері жайында, қаланың тарихи-мәдени орындары туралы мазмұнды ақпараттар слайд көрсетілімдері арқылы ұсынылды. Ұлы Абай мұралары жөнінде шолумен кеңінен танысып өткеннен кейін, сарбаздар Ж.Кәрменовтің әндерімен сусындап, «Есть город золотой» бейнебаянын тамашалады. Рухани ләззат алған қатысушылар кітапханада ұйымдастырылып отырған осындай танымдық шараларға жиі қатысқылары келетіндіктерін ризашылықпен жеткізді.