Абай поэзиясы балалар туындысында: шығармашылық сағат
Абайдың 180 жылдығын мерекелеу аясында 7 тамыз күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің қатысушылары мен кітапхананың жас оқырмандары арасында «Абай поэзиясы балалар суретімен» атты шығармашылық сағатын өткізді. Шара басында оқырмандар Абай шығармаларымен танысып, Абайдың қара сөздерінен үзінді және жыл мезгілдері туралы өлең оқыды.
Балалардың назарына Абай шығармалары бойынша салынған сурет үлгілері ұсынылып, жас суретшілер өздеріне ұнаған туындыларды суреттеріне негіз етіп алды. Жас сурет құмарлар ақын шығармашылығын ынтызарлықпен бейнелей білді. Салынған туындылар ұлы ақынның идеялары мен философиясының жарқын көрінісіне айналды.





