Абайдың ақын шәкірті – Мағауия Абайұлы: сирек басылымдар көрмесі
20 тамыз күні Абай кітапханасында Мағауия Абайұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Абайдың ақын шәкірті – Мағауия Абайұлы» атты сирек басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге мерзімді басылымдарда жарық көрген Мағауия туралы естеліктермен қатар абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың ақын өмірінен зерттеулері, ақынның поэмалары мен өлеңдері қойылған.
Мағауия Абайұлының қазақ әдебиеті тарихында атын қалдырған еңбегі – оның поэмалары. Оның шығармаларында әділет пен зұлымдық, махаббат пен өкініш, ел тағдыры сынды терең тақырыптар жырланды. Ақынның қаламынан туған жырлар қазақ әдебиетінің мазмұнын байытып, жаңаша ойлау мәдениетін қалыптастырды.
Мағауия Абайұлы – Абай дәстүрін жалғаған талантты ақын. Оның шығармалары Абай мектебінің айқын өкілі екенін дәлелдейді. Ұрпаққа өнеге болар рухани байлықтың иесі, небәрі 34 жыл өмір сүрген ақын, артына мәңгілік өшпейтін мұра қалдырды.





