Біз Абайды білеміз, оқимыз: ақпараттық сағат
10 қазан күні Абай кітапханасында Геологиялық барлау колледжінің студенттеріне «Біз Абайды білеміз, оқимыз» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шара барысында ақынның өмірі, шығармашылығы жайында айтылып, студенттер ақынның «Интернатта оқып жүр», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері студенттерді Абай кітапханасының сирек қорында сақталған ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты құнды басылымдар қойылған кітап көрмесімен таныстырды.
Шара соңында ақын туралы викториналық сұрақтар қойылып, «Бұл кім? Суретке қарап таны» ойыны ойнатылды. Студенттер қазақтың ақын-жазушылары мен алаш қайраткерлерін суреттеріне қарап тауып, танымал тұлғалардың шығармаларын да атап өтті.






