Өлкетану клубы
11 қазан күні сағат 10:00-де Абай атындағы кітапханада «Жас Ұлан» Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ер балалар мектеп-лицей-интернатының оқушылары, сондай-ақ кітапхана өлкетану клубының мүшелерімен кездесу өтті. Бұл кездесу ынтымақтастық туралы меморандум аясында кітапхана маманымен ұйымдастырылды.
Іс-шара «Шоқан ізімен. Семей – Аягөз» атты жобаға арналды. Бұл жоба Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Зерде» зерттеу жобалары конкурсына ұсынылды. Оқушылар Қайратбек Нұралы мен Қаблан Ескендір жетекшілері Ажибаева М.Ж. басшылығымен «Туризм және спорт» секциясы бойынша қатысуда.
Жұмыс кездесуінде XIX ғасырда Шоқан Уәлихановтың Қашғар сапары барысында жүріп өткен Семейден (Семипалатинск) Сергиополь арқылы өтетін тарихи туристік-ағартушылық бағыттың ерекшеліктері талқыланды. Кездесу барысында оқушылар Семейден (Семипалатинск) Қашғарға бағыт алған керуен жолы туралы, сондай-ақ Шоқанға арналған сауда керуенін ұйымдастырған және оның аңыздық тұлғасын жасыруға көмектескен семейлік көпес Мир-Кұрбан Аюпов туралы жаңа деректермен танысты.
Сонымен қатар балалар зерттеушінің өміріндегі қызықты деректер жөніндегі өз жұмыстарымен бөлісті. Олар өлкетану қоғамы «Прииртышье» бірлесе әзірлеген «Ш. Уәлиханов ізімен» туристік маршрутының карта-схемасымен де жан-жақты танысты. Картада керуен жолымен қатар қазақ халқының тарихи ескерткіштері де белгіленген.






