Арктикаға экологиялық экспедиция: өлкетану қонақжайы
19 қазан күні Ертіс өлкетану қоғамы мен Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өлкетану қонақжайы өтті. Студенттермен және қала тұрғындарымен кездесуге Павлодар география үйінің директоры, Qazaq Geography облыстық кеңсесінің басшысы, журналист Александр Вервекин шақырылды.
Ол солтүстік архипелагтардағы қоқыстарды тазалап жатқан Арктикаға халықаралық экологиялық ерікті экспедиция құрамындағы сапарлары туралы айтты. Александр экологиялық экспедицияға қатысу үшін іріктеу өте қатаң, бір орынға 10-15 адам бақ сынайтынын хабарлады. Қатысушылар сонымен қатар лекциялық курсқа қатысып, психологиялық сынақтан өтуі керек. Оның өзі қазірдің өзінде Солтүстік полюсті металл сынықтарынан (техника қалдықтары) және тозығы жеткен ғимараттардан тазарту бойынша үшінші экологиялық экспедицияға қатысуда. Биыл еріктілер Полярлық Оралдағы Ингилор табиғи саябағында болды. Осы сапар барысында «Жасыл Арктика» қоғамдық қозғалысына қатысушы еріктілердің екі тобы (24 ерікті) 24 күн ішінде 119 тонна металл сынықтары мен 830 қап қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап, осылайша 6 гектар саябақ аумағын тазартты. Сондай-ақ, Солтүстік полюсте тұратын және бұғы бағумен айналысатын, көне баспана – көшпелі шатырда өмір сүріп жатқан аймақ пен тұрғындар туралы әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ Александр әлемдегі ең қуатты кеме мұзжарғышты аралаудан алған әсерімен бөлісті. Экологиялық мәселелер тек Арктикада ғана емес, біздің өңірде де шешуді талап етеді. Бұл туралы Жоғары IT және жаңа технологиялар колледжінің 1 курс студенті Қырықбай Данияр «Абай өңіріндегі су ресурстарының экологиялық аспектілері» тақырыбымен таныстырды. Іс-шараның соңында Александр Вервекин кітапхана мен өлкетану қоғамына Павлодар Ертіс өңірі туралы және өзінің Арктика туралы басылымы туралы жазған «Арктика. Остров Вилькицкого» еңбегі мен Э.Д. Соколкиннің «Хрестоматия» туындысын және К. Жакеновтың «Птицы Павлодарского Прииртышья» кітабын сыйға тартты.
Кітапхана маманы электротехника колледжі мен IT және жаңа технологиялар колледжінің студенттері үшін Арктика, Антарктида және дүниежүзілік географиялық саяхат туралы кітаптардан тұратын көрмеге экскурсия жүргізді. Оқушылар Арктика мен Антарктиданың айырмашылығы туралы білді және Солтүстік полюсті ашқандар туралы естіді.
Іс-шараға 56 адам қатысты.






