Қазақстан мемлекетінің тарихы: ақпараттық сағаты
22 қазан күні Абай кітапханасы қызметкерлері Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындарына негіздеп Қазақстан Республикасы күніне орай «Қазақстан мемлекеттінің тарихы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Кітапхана мамандары әлеуметтік мекеме тұрғындарына тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік рәміздердің қабылданғаны туралы әңгімелеп, мемлекеттік атрибуттарда бейнеленген рәміздердің мағынасын ашты.
Кітапхана маманы қазақ және Қазақстан мемлекеттілігінің 11 ғасырдан 21 ғасырға дейінгі тарихи дамуын әдебиет арқылы таныстыра отырып, кітап көрмесіне де шолу жасады. Ел дамуының тарихи ағымында да дамыған Қазақстан мемлекеті халқының көпұлтты құрамдастығына баса назар аударылды. Ш.Акинердің «Формирование казахского самосознания: От племени к национальному государству, А.Чеботаревтың «Политическая мысль суверенного Казахстана: истоки, эволюция, современность», Г.Есімнің «Философия независимости», Б.Жұмағұловтың «На новом рубеже», И.В.Ерофееваның «Символы казахской государственности: позднее средневековье и новое время», Е.Ш. Шаймерденовтің «Қазақстан республикасының тәуелсіздік рәміздері», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» және т.б. кітаптар ұсынылды.







