Қыран елім – Қазақстан: кітап көрмесі
22 қазан күні Абай кітапханасы қызметкерлері Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында «Облыстық Достық Үйініңдегі» Қоғамдық келісім орталығының орыс әлеуметтік – мәдени орталығымен бірлесіп «Біз-Ұлы дала халқымыз» тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Аталмыш шара аясында Республика күнінің 35 жылдығына арналған «Қыран елім-Қазақстан» кең көлемді кітап көрмесінің тұсаукесері жасалды.
Кітап көрмесі қазақ хандығы құрылған уақыттан бастап, ел тарихынан сыр шертетін тарихи кезеңдер қамтылған. Мемлекет өткеніндегі аса маңызды кезең Алаш қозғалысы тарихы жайында бес бөлім көрменің ауқымды бөлігі боп саналады. Онда Алаш көшбасшылары, ұлт қайраткерлері туралы маңызды ақпараттар қойылған.
Сондай-ақ, бұл көрмеде Қазақстан тарихындағы зұлматты жай 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да орын тепкен.
«Мемлекеттік рәміздер», «Қазақстан – әлем елі» көрмесінің бөлімдері тәуелсіз Қазақстанның рәміздерін туу тарихы, авторлары, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орны, ел құрамына кіретін халықаралық ұйымдарға негізделген.
«Тәуелсіздік әдебиеті» көрмесінің бөлімінде қазақстандық ақындар мен жазушылардың туған табиғатының сұлулығын, махаббатын дәріптейтін, сондай-ақ Семей ядролық полигонының, Арал теңізінің трагедияларын, әлеуметтік мәселелерді және т. б. қозғайтын кітаптар ұсынылды.
Республика күніне арналған ауқымды шарада орыс әлеуметтік-мәдени орталығы, «Айша-Бибі» Қазақ мәдени орталығы, ардагерлер қорының әншілері өнер көрсетті. Мерекеге Абай облысы бойынша полиция департаментінің қызметкерлері, Семей медицина университетінің 1 курс студенттері, кітапхана оқырмандары шақырылды.






