Кітапханашы – мәртебелі мамандық: салтанатты шара
24 қазан – Кітапханашылар күнін мерекелеу аясында Абай кітапханасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары Олжас Соғымбай кітапханашы мамандығының мәртебелі мамандық екендігіне тоқталып, ҚР мәдениет және Ақпарат Министрлігінің марапатын және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің грамотасы мен алғыс хаттарын, Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілерін және басқарма атынан алғыс хаттар табыстап, ерекше мереке иелеріне жүрекжарды тілегін жеткізді.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының («Еңбек даңқы», «Мәдениет саласындағы кәсіподақ үздігі», «Кәсіподақ ардагері» төсбелгілері және алғыс хаттарын да кітапханашылар қауымы қабыл алды.
Әріптестеріміз Адикаева Рахила Хажиахметовна «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Малцева Ольга Феодосьевна «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, Титова Светлана Константиновна, Чушекова Жанар Меллатқызы Қазақстан Кітапханалары Одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, Буркитова Лаура Булатбекқызы ҚР Ұлттық кітапханасының Грамотасымен, Байбатырова Гульбану Калқаманқызы Абай облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен, Нуржанова Инара Қуанышқызы, Турсынова Дильназ Дулатқызы Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапат құтты болсын, әріптестер!







