Қалмұқан Исабаев – жазушы, соғыс ардагері: әдеби кеш
30 қазан күні Абай кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, публицист Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.
Іс-шараға Шәкәрім университетінің 1 курс студенттері қатысты. Шара барысында жазушының өмірбаяны, балалық шағы, соғыстан кейінгі журналистика мен әдебиетке бет бұрғандығы жайлы слайд көрсетілімі ұсынылып, шынайы өмір оқиғаларына негізделген тарихи және деректі ақпараттар берілді.
Кеш барысында студенттер жазушының «Айқыз» шығармасын талдап, қазақ қызының ерлігіне, елге деген сүйіспеншілігіне тәнті болды. Сондай-ақ, жазушы өмірінен сыр шертетін «Жазушы, соғыс ардагері – Қалмұқан Исабай» атты деректі фильм көрсетілді.
Іс-шара соңында студенттерге ақын шығармашылығы мен өмірбаяны туралы викторина ойнатылды.







