Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы: танымдық сағат
Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімі 19 ақпан 2014 жылы Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы» атты танымдық сағат ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеев жайлы түсірілген деректі фильмнің көрсетілімі болды.
Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген Әбілхан Қастеев қолөнерге, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Әбілхан Қастеев сурет салудағы басты тақырыптары табиғат көріністері және кескіндемелік (портреттік) салада жасаған еңбектері қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алады, сондай-ақ, қазақтың тұрмыс тіршілігі тақырыбында салған еңбектері бір төбе. Осы жайында көркем өнер мектебінің оқытушысы, суретші Жеңіс Мадиярұлы Мұқышов қызықты әңгімелеп берді.
Іс-шара соңында Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толуына орай арнайы ұымдастырылған сурет салу сайысының қортындысы жасалып, көркем өнер мектебінің бірнеше оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Мондай-ақ, суретшінің бейнелеу өнеріндегі туындыларынан фото суретті көрме ұймдыстырылып шолу жасалды.