Индустриалды инновациялық даму- еліміздің қарқынды дамуының басты бағыты: танымдық сағат
2014 жылы 25 ақпанда Абай атындағы кітапхана қызметкерлері бизнес колледжінің студенттеріне «Индустриалды инновациялық даму- еліміздің қарқынды дамуының басты бағыты» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.
Танымдық сағат барысында Елбасының «Қазақстан-жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы- Қазақстанның атқарған тыңғылықты істерін, жетістіктерін бағалап, болашаққа яғни 2050 жылға дейінгі жоспар құрып отырғандығы баяндалды. Жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеялар туралы мағлұматтар берілді.
Колледж студенттері еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің және экономикалық ақуалының дамуы туралы ақпаратты тыңдай отыра, өз ойларын ортаға салды. Іс-шараға барлығы 30 студент қатысты.