Ана бақыты. International women’s day: пікірталқы, көрме
2014 жылы 6 наурыз күні Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап, «International women’s day- Ана бақыты» тақырыбында іс- шара өткізді.
Іс-шара барысында 8 наурыздың шығу тарихына тоқталып, оқырмандардың осы мейрам жайында өзіндік ойлары ортаға салынып, пікірталқы жасалынды. Әрбір оқырман өзінің асыл аналары, сүйікті әпкелері жайында сөз қозғады.
Іс- шараға қатысушыларға «Ана бақыты» тақырыбында суретті көрмеге шолу ұйымдастырылды.