Қазіргі заманғы сән үлгісі: тұсаукесер
Абай атындағы кітапханада 2014 жылдың 27 наурызы күні «Қазіргі заманғы сән үлгісі» тақырыбында тұсаукесер ұйымдастырылды.
Мәдени шараға қаламыздағы Сервис колледжі мен Авиценна колледжі оқу орындарының студенттері қатысты. Шара барысында сән үлгісінің тарихы, маталардың түрлері мен киім үлгілерінің сапасы туралы «Новинка» -маталар дүкенінің маманы Т.М. Безднин қатысушыларға қызықты, мол мағлұмат берді.
Шараға қатысушылар қазіргі заманның сән үлгісі мен мерзімге сай киім үлгілерінің түрлері туралы өз ойларымен бөлісті.