• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Ғұмырын ұлы Абайға арнаған: әдеби-сазды кеш

Ғұмырын ұлы Абайға арнаған: әдеби-сазды кеш

  • 10.04.2014

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада 2014 жылдың сәуір айының 10 күні «Семей өңірінің тарихи тұлғалары» аясында қаламгер, сыншы, өнертанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ғұмырын ұлы Абайға арнаған» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараның мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығын және ұлы Абай мұрасын халыққа жеткізудегі ерен еңбегін, кітапхана қорында сақталған басылымдарымен тыңдаушыларды таныстыру. Кешке жазушының замандастары, өлкетанушылар, мәдени мекеме мамандары, Қазақ Инновациялық университеті, Шәкәрім атындағы СМУ-нің филолог студенттері және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж бен көпсалалы колледж студенттері, әншілер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кітапханашы-библиографтың жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған өмірбаянынан кейін, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайына арнаған бүкіл саналы ғұмыры туралы осы мұражайдың ғылыми қызметкері Майкен Қазбекқызының тұщымды баяндамасы көпшілік көңілінен шықты.

19

Кештің бас кейіпкері – Төкен Смайылұлының Абай, Шәкәрім, Мұхтар туралы, қазақтың басқа да әдеби тарландары туралы мазмұнды әңгімесі тыңдар құлаққа сарқылмайтын қазына болды. Сөз арасында Төкен ағаның қамқорлығын көрген Мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимов өзінің екі шәкіртімен келіп Абай әндерімен сусындатып кештің ажарын нәрлендірді. Кеш қонақтары жазушы М.Сұлтанбеков пен тарихшы М.Мұхамадиұлы сөз алып, кеш иесінің ұлы Абай мұраларын насихаттау жолына жан-тәнімен берілген адал қызметін, еңбекқорлығын, азаматтық келбетін сүйсіне әңгімеледі. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкері Л.Қадырова жазушыға өздерінің шығарған «Батыс Сібір Географиялық қоғамының жазбаларын» сыйға тартты.

Талантты ақын, жүрегінде оты бар Р.Мұхамедрахим өзінің өлеңдерін, КИУ-нің студенті О.Ағабек, Семей көпсалалы колледжінің студенті Қ.Жарқын жазушы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді. Студенттер тарапынан жазушы кітаптары жайында, Абай өлеңдеріне қатысты қойылған сұрақтарға қаламгер ерекше ынтамен жауап берді.

Кеш соңында кітапхана директоры Айгүл Әлімбекқызы мерейтой иесіне арналған құттықтау сый-сияпатын жасап, ризашылығын білдірді. Шарға «Мен тек Абаймен ғана өмір сүріп келем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді. Қ.Нұрқасымның «Сарыарқа» әнімен аяқталған әдеби кеш көпшіліктің жүрегінде ұзаққа дейін сақталары сөзсіз.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now