Туған тілден нәр алған: әңгіме-сұхбат
2014 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» медалінің иегері, ақын, аудармашы, ұстаз Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековпен болған әңгіме-сұхбатты бейнежазбаға түсіріп алды.
Жазушының жұмыс бөлмесінде алғашқы сөз кезегі, әрине 130 жылдық тарихы бар Абай атындағы кітапханадан бастады. Ұлы Абай бабамыз оқыған ескі кітапханада күн ұзақ Абай поэмалары туралы кандидаттық диссертацияға дайындалатынын айтты. Ғалым осы кітапханада қызмет етіп жүрген болашақ жарымен танысқан екен.
Жазушы Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын зерттеу арқылы шығарған еңбектеріне тоқтала келе, «Дағыстан» поэмасынан бастау алған Абай тақырыбының желісі М.Сұлтанбеков шығармашылығымен үзілмей жалғасып келеді. Тәуелсіздік туралы және «Мәңгілік ел» идеясы туралы пікірін білдіре келе, сөзінің соңын «Ана тілім» деген өлеңімен аяқтады. «Синий меридиан Алашорда Аттила», «Чайки Прииртышья», «Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим, Мухтар» кітаптарының авторына ұзақ шығармашылық ғұмыр тіледік.
«Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» жобасы аясында кітапхананың өлке туралы қоры тағы бір пайдалы ақпаратқа толықты.