10 жылдыққа – 10 семейлік қаламгерлерден тарту: сый кітап
Абай атындағы кітапхананың бастамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының құрылғанына 10 жыл толуына орай 10 жергілікті қаламгер, ғалымдардың қолтаңбасымен сый кітаптарын жіберді.
Олар «Құрмет» орденінің иегері, белгілі жазушы Медеу Сәрсеке «Бекмаханов», «Шығармалары»; ақын, ғалым Мұрат Сұлтанбеков «Синий меридиан алашорда Атилла; ҚР оқу ағарту ісінің үздігі, ардагер-журналист Молдабек Жанболатов 3 томдық «Тобықты шежіресі», «Наурызнама; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д., профессор Арап Еспенбетов «Уақыт өрнегі»; «Құрмет» орденінің иегері, абайтанушы Төкен Ибрагимов «Шығармалары», «Жер әңгімеші…»; ҚЖО-ның мүшесі, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов «Шығармалары. Ырауан»; алаштанушы-жазушы Сейітмұхамет Тәбәрікұлы «Тәбәрік»; ҚЖО сыйлығының лауреаты, журналист Дәулет Сейсенұлы «Ядролық сынақ аймағы: кеше және бүгін»; ҚЖО-ның мүшесі, ақын Мұратбек Оспанов «Айна»; өлкетанушы Әзімхан Сәдуақасұлы «Семей қаласының құрметті азаматтары»; а.ш.ғ.кандидаты, доцент Ө.С. Сұлтанов «Аймақ экономикасы және басқару», «Семей – Қазақстан футболының Отаны» атты кітаптары мәңгілік ел игілігі үшін еңбек ете беретін өміршең шығармалар. Біз әріптестерімізге тың идеялар, жаңа жобалар, шығармашылық жетістіктер тілейміз!