Мен Семейді сүйемін: журналдың тұсаукесері
Абай атындағы кітапхана мамандары 2014 жылдың 13 мамырында «Мен Семейді сүйемін» журналдың тұсаукесерін өткізді.
2013 жылдың тамыз айынан шығарыла бастаған журнал жобасының жетекшісі Гүлжанат Рахатқызы Астанада қызмет ету мүмкіндігіне ие болса да, өзінің туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігімен туған қаласына қайтып келіп, Семей мәдениеті тарихына ерекше үлес қосып отырған жан. Кітапханашыларға журналдың шығу тарихы жолындағы кедергілер мен жетістіктері және таралымдары жайында қызықты ақпараттар бере отырып, ай сайын шығып отыратын журналдың мақсаты – өңірдің бай экономикалық, мәдени, әдеби өмірі туралы және танымал тұлғалардың өлке тарихына қалдырған өнегелі істері жайында жеткізді.
Кітапхана мамандары журнал қызметкерлеріне алғыстарын білдіре отырып, оқырмандарға журналдағы барлық рухани тәрбиені бойларына сіңіру үшін ондағы құнды материалдарды электронды каталогқа енгізіп, пайдаланушыларға жеткізетіндіктерін айтты.