Үлгілі отбасы – ел дамуының кепілі: тақырыптық сағат
Қазіргі қоғамдағы отбасының маңызы туралы студент жастардың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері Халықаралық отбасы күніне орай, Радиотехника және байланыс колледждің студенттеріне арнап «Үлгілі отбасы – ел дамуының кепілі» атты тақрыптық сағат өткізді.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні болып белгіленуі – дүниежүзілік қауымдастықтың отбасы мәселесіне баса мән беруімен қатар жұртшылықтың назарын қазіргі отбасының жағдайына аудару болып табылады. Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя болып қала бермек. Шара барысында студенттер тәрбие, отбасы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.