Бақытты балалық шақ: ойын-викторина
2014 жылдың 5 маусымында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орайластырылған онкүндіктің аясында №11 орта мектептің «Балдырған» мектепшілік лагерінде жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап «Бақытты балалық шақ» атты ойын-викторина өткізді.
Шара барысында мереке, балалық шақ және отбасындағы тәрбие туралы қысқаша мәлімет айтылып, ойын-викторина жалғасын тапты. «Жалғасын тап!», «Қызықты тапсырмалар» ойыны ойнатылып, отбасы, мемлекет, достар, салт-дәстүр жайында сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастырылды. Белсене қатысқан: Ерболұлы Жанарыс, Қуандықұлы Мәди, Шалқарқызы Айым, Тілекжанқызы Мерей, Русланұлы Ринат, Нұртуганұлы Арман сынды оқушыларға сыйлықтар таратылып, шара көңілді, мағыналы әрі тартымды өтті. Лагерь жетекшілері әрі қарай шығармашылық байланыста болуымызға тілектестік білдірді.