Отбасы – мемлекеттің әлеуметтік ортасы: басылымдар көрмесі
Абай атындағы кітапхна 2014 жылдың 7 маусымы күні қала тұрғындарына Отбасы жылына орайластырып –«Отбасы- мемлекеттің әлеуметтік ортасы» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.
БҰҰ шешімі бойынша 2014 жыл отбасы жылы болып жарияланған болатын. Көрмеге кітапхана қорындағы мерзімді басылым беттеріндегі отбасы құқығы, неке және отбасы туралы, қазақтың отбасылық дәстүрлері, отбасының қасиетті құндылықтары жайында мақалалар қойылды. Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты Алматы:Қайнар баспасынан шыққан кітабын оқырман қауым үлкен қызығушылықпен оқып, қазіргі неке мен отбасылық дәстүрлер жайында көптеген мағлұматар алды.