Қазақтың шешендік өнері: көрме-диалог
2014 жылдың 9 шілдесі Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері жазғы демалыс күндеріне арналған Жеңіс саябағындағы Арбатта «Қазақтың шешендік өнері» көрме-диалог ұйымдастырды.
Шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамның шығуымен,дамуымен байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы растайды.Шешендік сөздер қазақтың көркем әдебиетінің жедел өсіп жетілуіне,оның поэзия,проза,драматургия барлық жанрларының дамуына үлгі,өнеге болған.
Көрмеге қазақтың шешендік өнерінің негізін салушы Қорқыт ата,қазақтың шешендік өнері,айтыс өнері,тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған қазақтың билері, шешендері,ақындар мен жыраулар,мақал-мәтелдері жайында әдебиеттер қойылды. Қазіргі замандағы шешендік өнерде саяси және мемлекетік қызметкерлердің сөз өнерінің үлгісі болатын Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халыққа арнау» кітабы болды.Көрме арқылы қала тұрғындары қазақ шешендік өнері,шешендік сөздердің мәні,халық даналығы жайында ақпарат алды.