Халықаралық бейбітшілік күні: пікірталас
2014 жылдың 10-шы қыркүйегінде Абай атындағы әмбебап кітапханасында 21- қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні мейрамы қарсаңында пікірталас ұйымдастырылды.
Халықаралық бейбітшілік күні мейрамының негізгі мақсаты – соғыс отын тоқтату және зорлық-зомбылықтан бас тартуға жұртшылықты жаппай шақыру. Іс- шара бір минут үнсіздікпен басталды. Кітапхана қызметкерлері бұл атаулы күннің шығу тарихына шолу жасады. Қазіргі танда Халықаралық бейбітшілік күні – Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған бірден – бір ресми мереке. Барлық халықтар арасында бейбітшілік мұратын ңығайту және оны мәңгілікке қалдыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1981 жылы кезекті отырысының ашылу күнін -Халықаралық бейбітшілік күні деп жариялаған болатын.
Пікірталасқа келуші студенттер заманның бейбіт, аспанымыздың ашық болуына үндеу тастай отыра, жер-жерлердегі ланкестік оқиғаларды тілге тиек етіп, бейбіт өмір үшін жастар өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.