Кітапхана қызметіндегі техникалық және бағдарламалық технологиялар: оқыту кеңес
2014 жылының 16 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілік шеберлігін жетілдіру мақсатында оқыту кеңес ұйымдастырды.
. Өткізілген уақыты: 16 қыркүйек 2014 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Интернет орталығы. Қатысушылар: кітапханашылар. Қатысушылар саны: 10. Шараның мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің білімін кеңейту және кәсіби қызметтерінде қолдануын қадағалау. Күтілетін нәтиже: кітапханашылар алған білімдерін кәсіби қызметтерінде қолдану және өз шығармашылықтарын дамыту.
2014 жылының 16 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы кітапханашы мамандардың кәсіптік біліктілік шеберлігін жетілдіру мақсатында оқыту кеңес ұйымдастырды. Білім беру шарасына 10 кітапханашы маман қатысты. Қазіргі кітапхана қызметінің маңызды аспектілері болып табылатын жаңа техникалық және бағдарламалық технологиялар, қызықты бағдарламалар, оларды кәсіби қызметтерінде нәтижелі қолдану, т.б. тақырыптары оқыту кеңестің арқауы болды. Оқу барысында кітапхана қызметінде видеопрезентацияларды құрастыратын Proshow Producer бағдарламасының тиімді тәсілдерін үйренуі түсіндірілді. Кітапханашы мамандарға бағдарлама туралы толық ақпарат берілді. Кеңесте осы бағдарлама көмегімен құрастырылған видеопрезентациялардың шолуы өткізілді. Кітапханашылар алған білімін өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалануына мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шаралар кітапханашы мамандардың пайдаланушыға қажетті ақпаратты өндеп, кәсіби түрде безендіріп ұсынуға көмегін тигізеді деп сенеміз.