USAID жобасы кітапханада: тағылымдық сағат
2014 жылы 24 қыркүйекте Абай атындағы кітапхананың Америка бұрышында Қазақстанда және Орта Азия мемлекеттерінде жұмыс істейтін «Abt Associates Inc» америкалық компанияның өкілдері: Османова Надира, Белова Елена және Семей қаласындағы аймақтық туберкулезге қарсы диспансерінің санитарлық-ағартушылық жұмысы бойынша маманы Жанғасинова Махаббат Сағитоллақызы болды.
Қонақтар USAID жобасы аясында «Сапалы денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша туберкулез ауруының алдын алу, туберкулезге қарсы емдеу, оны жеңе білу, ауырған адамдарға қалай көмектесу керектігі жөнінде мағлұматтар жазылған кітапшалар, плакаттар, буклеттерді сыйға тартты. Аталмыш тартулар келешекте кітапхана оқырмандарының қажеттілігіне пайдаланылады деген сенімдеміз.