World teachers’ day- Мұғалімдер күні: пікірталқы
2014 жылдың 3-ші қазанында Абай атындағы кітапхананың Америка бұрышы аясында «World teachers’ day- Мұғалімдер күні» тақырыбында студенттер арасында пікірталқы болып өтті. Кітапхана қызметкерлері «Ұстаз ұлағаты» жайында сөз қозғап, студенттер пікірін ортаға салды.
Іс-шараға қатысушы әрбір студент ұстаз сөзінің мағынасын аша түсетін тамаша ойларымен бөлісті. Аталмыш мерекелік іс-шараға қатысушы студенттер аяулы ұстаздарына деген тілектерін ағылшын және қазақ тілдерінде ашық хаттарға жазды. Ағылшын тілінде «My teacher» тақырыбында қысқаша шығарма жазып, сол жерде талқыға салды. Ұстаздар еңбегінің ерен екендігін айта келе, шәкірті үшін ең қымбат әрі аяулы жан- ұстазы екендігін ортаға салды. Іс-шара соңында студенттер Ұстаздар мерекесін әр жыл сайын жоғары деңгейде мерекелеп атап өту қажет деген ой тоқтамға келді.