Үш тұғырлы тіл: мемлекеттілігіміздің айғағы: дәріс
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2014 жылдың 10 қазанында қаламыздағы көп салалы колледжінің 1 курс студенттеріне Үш тұғырлы тіл: мемлекеттілігіміздің айғағы атты дәріс өткізілді.
Дәрісте қазіргі заман ағымына қарай үш тұғырлы тіл дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бірі, және ол өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея екендігі туралы баяндалды. Мәдени шара жастардың тілге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етпек.