Қара сабын жасау технологиясы: шеберлік класс
Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімнде 14 қазан 2014 жылы «Қара сабын жасау технологиясы» шеберлік класс өткізілді.
«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті отырысында қолөнер шебері Ақылия Садуақасова ата-бабаларымыздың ертеректе тұрмысқа қолданған, қазірде ұмыт бола бастаған қара сабынды жасау технологиясынан шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында Алабота шөбінен жасалатын кәдімгі кір жуатын сабынның жасалуын және автомат машинасына салып кір жуу тәжірибесінен мәліметтер берді.
Сабақ барысында қолөнер шебері Ақылия апамыздың басқада қолөнер туындыларынан экспозициялық көрме жасалып, шолу өткізілді. Қара сабын жасау технологиясы жайында толық мәліметтер жергілікті мерзімді басылымдар беттеріне жарияланады.