Нұрлы жол – болашаққа бастар жол: ұжымдық талқылау
Абай атындағы кітапханада 2014 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын кеңінен түсініп, алдағы уақытта қызмет барысында жүзеге асыру мақсатында талқылау болып өтті.
Елбасының Жолдауының ерекшелігі оның экономикалық бағытқа басымдық беріле отырып жасалғандығында. Мемлекет басшысы Жолдауында халыққа өте қажетті мәселе тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мәселесін, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды да назардан тыс қалдырған жоқ. Мұның өзі жиі айтылып келе жатқан өзекті мәселе болғанымен, Елбасының үкімет алдына осылай нақты тапсырма ретінде қоюы, халыққа нық дем беріп, бұл мәселенің болашақта түбегейлі шешілетіні үлкен қуаныш пен үміт артты.
Елбасының Жолдауы кітапханашылар үшін маңызы ерекше құжат. Президенттің жолдауын ақпараттандыруда Кітапхана аймақтық әдістемелік орталық болып есептеледі. Халқының болашағы үшін асқан пайымдылықпен берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда, орындауда, қоғамға таралуына кітапхана ұжымы бар күш-жігерін салады.