Соғыстың ауыр шындығын ұмытпа, бағалай біл: көрмесі.
2013 жылы 8 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Ұлы Отан соғысына арналған «Соғыстың ауыр шындығын ұмытпа, бағалай біл» атты мерзімді басылым көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген күні: 8 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары. Қатысушылар саны: 15. Шараның мақсаты: Ұлы Жеңістін 68 жылдығына қатысты елімізге ерлігімен еңбек сіңірген соғыс ардагерлеріне тағзым ету; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту. Күтілетін нәтиже: жерлес жауынгерлердің Отан үшін от кешкен ерліктерін үлгі-өнеге ету, тарихи тағылым беру.
2013 жылы 8 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Ұлы Отан соғысына арналған «Соғыстың ауыр шындығын ұмытпа, бағалай біл» атты мерзімді басылым көрмесі ұйымдастырылды. Жеңіс күні – баршамыз үшін қасиетті әрі құдіретті мереке. Бұл күн біздерге мереке ғана емес, берік рухты және ерлікті бейнелейтін айрықша символ деуге болады. 2013 жылдың 9 мамыр күні жеңіске арналған от-шашу (салют) 68-ші рет арналмақ. Ұлы Отан соғысының отты жылдырын адамзат 68 жыл бойында жүректерінде сақтап келеді. Ұлы жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандығымен келген қасіретті де қастерлі жеңіс. Осы ұлы күнге арналған көрменің «Солдат туралы сөз», «Семейліктердің отты жылдардағы естеліктері» бөлімдеріне қойылған мерзімді басылымдар беттерінен жерлес ардагерлеріміздің Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жақындата түскен әрбір күні көз алдымызға елестейді. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Көрмеде 23 мерзімді басылымдар, буклеттер мен Интернет ресурстары қойылды. Ұлы Жеңіс күні – ардагерлеріміздің ерлігін, батылдығын паш ету мен қатар, бейбіт өмір мен Отан үшін жан қиған жауынгерлерімізді еске алатын ерекше маңызды күн.