Абай мұрасы – ұлттық байлық: кітап көрмесі
27 қаңтарда Абай атындағы кітапхана қазақтың бас ақыны Абайдың туғанына 170 жыл толуы қарсаңында «Абай мұрасы – ұлттық байлық» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына. Осы бай мұраны жоғалтпай, шырағын сөндірмей, бүгінге дәріптеп, ертеңге аман жеткізу біздің абыройлы міндетіміз. Кітап көрмесіне ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасынан кітаптар, энциклопедиялар мен мерзімді басылым беттерінен мақалалар оқырман назарына ұсынылды. Атап айтсақ: Омаров А. Абай: ашылмай келген қырлары,-А.,2014., Ысмағұлов Ж. Абай: Даналық дәрістері.-А.:Өнер, 2008., Абай.Шығармалары.Т.1.-Астана: Фолиант, 2011., Абай. Өлең – сөздің патшасы.- Жидебай: Халықаралық Абай клубы, 2008.т.б.