Семей – алаштың астанасы: әдебиеттер көрмесі
2013 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Семей қаласындағы Орталық демалыс паркінде «Мәдени сенбілік» шарасына орай қазіргі заманғы және сирек басылымдардан тұратын «Семей – алаштың астанасы» атты әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 11 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қаласындағы Орталық демалыс паркі. Қатысушылар: қала тұрғындары, қонақтары, паркте демалушы жастар. Саны: 47 адам. Шараның мақсаты: халыққа кітапхана қорынан мәлімет беріп, алаш арыстары еңбектерімен, өмірімен, қала тарихымен таныстыра отырып кітап оқуды насихаттау.
2013 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері Семей қаласындағы Орталық демалыс паркінде «Мәдени сенбілік» шарасына орай қазіргі заманғы және сирек басылымдардан тұратын «Семей – алаштың астанасы» атты әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Шолуда көрмемен танысушыларға Семейдің Алаш автономиясының астанасы, алаш алғаш ту тіккен қазақ тарихында алатын орны ерекше қала екенін және алаш қайраткерлерінің елінің тәуелсіздігі үшін атқарған ерлік істері әңгімеленді. Кітапхана қорындағы қазіргі заманда «Алаш мұрасы», «Тарихи тұлғалар» серияларымен жария көріп отырған жаңа басылымдармен қатар алаш арыстарының көзінің тірісінде басылған шығармалар көрмеден көрініс тапты. Көрмемен танысушылар қазақ зиялыларының шығармаларының сирек басылымдары біздің қаламызда бар екеніне қуаныштарын білдіріп, сатыла ма деген сауал қойды.