Қазақстан Республикасында жемқорлықты реттеу: дәріс
Абай атындағы кітапханада 11 ақпан күні Қазақстан Республикасында жемқорлықты реттеу тақырыбында дәріс оқылды.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіндігі туралы ақпараттар берді.
Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қатысушылар назарына ұсынылды.