Бірлігіміз жарасқан!: этнофестивалі
17 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз!» жобасы аясында Қазақстан қалқы Ассамблеясының құрылғанына 20-жыл толуына орай «Бірлігіміз жарасқан! этнофестивалі өтті.
Мемлекет басшысы көп ұлтты Қазақстанда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында атап өтеді. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар – ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Іс-шараға қаладағы «Возрождение» неміс мәдени орталығы мен неміс ұлттық «Айнхайт» ансамблі және татар мәдени орталығының өкілдері қатысты.
Мерекелік кеш барысында осы ұлттық мәдени орталықтар өздерінің ұлттық қолөнері мен салт-дәстүрлерін жастарға көрсетіп, неміс ұлттық «Айнхайт» ансамблі неміс халық әндерін құйқылжыта шырқап, татар ұлты бірнеше би өнерлерін көрсетті. Кітапхананың әркез тұрақты оқырмандарына айналған «Авиценна» колледжі студенттері тарту ретінде «Мереке» әнін шырқап, «Жас толқын» биімен шашу шашты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Тамыры терең татулық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд-шолу жасалды. «Біз біргеміз, мықты біздің іргеміз!» атты кітапханалық жоба әр кез өз жалғасын таппақ.