• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Ұраным – Алаш!: әдеби музыкалық кеш

Ұраным – Алаш!: әдеби музыкалық кеш

  • 16.05.2013

2013 жылдың 16 мамырында Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ орта мектебінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері осы кітапхананың 130 жылдық мерейтойына арналған «Ұраным – Алаш!» атты әдеби музыкалық кеш өткізді.

Өткізілген күні: 16 мамыр 2013 жыл. Өткізілетін орны: Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ орта мектебі. Қатысушылар саны: 60. Мақсаты: Семей қаласының Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының 130 жылдық мерейтойы туралы ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдармен терең танысуын қамтамасыз ету.

2013 жылдың 16 мамырында Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ орта мектебінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері осы кітапхананың 130 жылдық мерейтойына арналған «Ұраным – Алаш!» атты әдеби музыкалық кеш өткізді. Кеште кітапхананың кітап көрмесінің ашылуы болды, кітапхана бөлімдерінен қойылған кітаптарға түсінік беріліп, мектептің оқушылары мен ұстаздары кітапхана тарихынан мол мағлұматтар алды. Бүгінгі Абай атындағы әмбебап кітапхана қазақ өлкесіндегі тұңғыш кітапханалардың бірі. Семей қаласы 1782 жылы губерниялық қала статусын алса, осыдан жүз жыл өткенде, 1883 жылы тұңғыш қоғамдық кітапхана ашылған екен. Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханов бұл туралы былай дейді: «Халық ағарту ісіне берілген алдыңғы қатарлы мәдениетті адамдардың ынта-жігерінің арқасында 1883 жылы Семей облыстық музейі мен қоғамдық кітапхана ашылды. Бұл мәдени-ағарту мекемелерін ұйымдастыруға негізгі ұйытқы болғандар, атақ-даңқ немесе бас пайдасы үшін емес, халық игілігі үшін қалтқысыз еңбек етуді адамгершілік борышым деп білген адал азаматтар еді. Олар орыстың саяси жер ауып келген интеллигенттері, Абайдың достары – Е.П. Михаэлис, А.А.Леонтьев, П.Д. Лобоновский, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов тағы басқалар еді». Халық қамқоры болған осы зиялылар тобында Абайдың өзі де болып, кітапханамен тығыз қарым-қатынас жасағаны, 1883 жылы ашылған облыстық өлкетану мұражайына Долгополов екеуі елуден астам экспонат тапсырғаны тарихтан мәлім деді. Кештің жалғасында кітапхана көрмесіне қойылған әдістемелік көмекші құралдар мен қосымша таратылым материалдары оқушылар мен ұстаздарға таратылып берілді. Кеш соңында Құсмілия Нұрқасымның «Алаш көксілдері» деп аталатын өлеңдер циклынан жоғарғы класс оқушылары дайындаған өлеңдері оқылып, Семей Калалық Мәдениет сарайының әншілері Роллан Алпысбаев, Қуаныш Оралбаев, Біржан Әлікеевтер патриоттық тақырыптағы әндер орындады. Риддер қаласындағы «Шаңырақ» орта мектебінің директоры Сәуле Мәдиқызы Қайырханова Абай атындағы кітапхана мен Семей қалалық мәдениет сарайының ұжымына алғысхат тапсырды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025
Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now