Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады… : патриоттық-сазды кеш
14 сәуір күні біздің кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Ұлы Жеңіске 70 жыл» шаралар бағдарламасы аясында, «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» тақырыбындағы жерлес Ұлы Отан соғысы ардагерлерне аврналған патриоттық-сазды кеш өтті.
Сол бір сұрапыл жылдары семейліктер де өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеп, Семей жерінен де талай боздактар майдан даласына аттанды. Олардың көбі туған жерлеріне- Ертіс жағасына орала алмады. Тек дәм тартып, аман қалғандары ғана жеңіспен қайтты.Ұйымдастырылып отырған кештің мақсаты: өскелең ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға, жерлес майдангерлердің ерен ерліктерімен таныстыра отыра, оларды құрметтеп, қадірлеуге баулу. Шараға барысында соғыс ардагері Әйкебаев Үбиғожа атаның қызы- Әйкебаева Шолпан әкесінің аузынан естіген естеліктерін айтса, немересі «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Әйкебаев Мүбәрәк атасына арнаған арнауын оқыды. Сонымен қатар Мұқан Төлебаев атындағы саз коледжінің студенттері: Тұрсынбеков Мерғалым, «Қазақ солдаты» романынан үзінді оқып, басты кейіпкер: Қайрош образын сомдап, көрініс көрсетті, ал Абдульдинова Алуа Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың әпкесіне жазған хатын нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Қаламыздың №11 мектептің 10 сынып оқушылары: Жамбербаева Дина, Советбекова Аяулым, Бауыржанова Арайлым, Дюсекенова Наргиз «Сапқа тұр, жауынгер» әнін орындап, педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері Сейілова Гүлжан Әбіраш Жәмішевтің «Жеңіс хабары жеткенде», Шерикбай Тамаша Тұманбай Молдағалиевтің «Алия мен Мәншүк» өлеңдерін оқып, көпшілк қощаметие ие болды.
Шара соңында қатысушылар Жүмекен Нәжімеденовтің «Бейбіт күн тілегі» әнін бірге орындап, кеш шырайын әрлендіре түсті. Қатысушылар үшін «Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты кітап көрмесі жасақталып, «Ұлы Жеңіске – ұлы үлес» тақырыбында бейнеролик ұсынылып, белсене қатысқан студенттерге сыйлықтар табысталды..