23 сәуір- ағылшын тілі күні: ақпаратты, ойын сағаты
Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімінде 2015 жылдың 23 сәуір күні көптеген халықтар қолданысындағы тіл- ағылшын тілі күні аталып өтілді.
Ағылшын тілі- Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған , әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланылатын тіл.
Ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары ағылшын тіліне деген көзқарастарын білдірді. Қазіргі уақытта ағылшын тілінің маңызының ерекше екендігін атап айта отырып, өздерінің сол тілде таза сөйлегісі келетіндіктерін жеткізді.
Пікірталқы кітапхана қызметкерлерінің ақпараттарымен толыға түсті. Іс- шара соғында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап бере отырып, «Кім тез?», «Қанша сөз білесің?» атты ағылшын тілінде ойындар ойнатылды.
Ел ертеңі жасөспірімдер ағылшын тілінің омирде алар маңызын терең түсіне отырып, үш тұғырлы тілді қатар алып жүруге дайын екендіктерін жеткізді.