Салауатты өмір салты: тренинг
1 және 2 мамыр күндері кітапхана қабырғасында салауатты өмір салтын насихаттаушы-еріктілер жасағын құру мақсатында «Исток» ҚБ дайындаған тренинг болып өтті.
Педагогикалық колледждің студенттері еріктілер қатарына қосылуға ықылас білдірді. Аталмыш тренинг теориялық және тәжірибелік бөлімдерден құралды. Осылайша, еріктілердің өздеріне тренингті өткізу қағидаларын жасау, болжау ағашына осы тренингтен не күтетіндерін жазу ұсынылды. Тренинг барысында еріктілер «А я не тормоз», «Прочти затылком» атты энергизатор-ойындарын, «Суд над сигаретой», «Желтая пресса», «Ішімдік», «Ассоциации», «Әліпби» атты рөлдік ойындарын ойнады.
Ой-талқы ретінде қатысушыларға хал үстіндегі нашақор, жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы бар жас әйелдің үндеу хаты оқылды. Бұл үндеу хатында ол барлық адамзатты салауатты өмір салтын ұстануға және өзінің жасаған қателіктерін ешкімнің қайталамауына шақырды. Ой-талқы жүргізу арқылы топпен жұмыс жасау және рөлдік ойындар ойнату нәтижесінде, қатысушы жастар салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарына дайын екендерін көрсетті. Еріктілер жасағы өздерінің замандастарына зиянды әдеттерсіз өмір сүрудің маңыздылығын жеткізе біледі.