Жалпы ұлттық идея – Мәңгілік Ел: дәріс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған Бес реформаның аса маңызды бағыты – «Болашағы бір тұтас ұлт» қалыптастыру және «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде «Қазақстандық біртектілікті» нығайту.
«Қазақстандық біртектіліктің» өзегі – мәдениет, ұлттық сана-сезім. Ұлттық сана ұлықталмай, құлдық санадан құтылмасымыз белгілі. Осыған байланысты 2015 жылдың 10 маусымында Семей қаласының әскери полиция отрядында біздің кітапхана қызметкерлері «Жалпы ұлттық идея – Мәңгілік Ел» атты дәріс өткізді. Оған 56 полиция қызметкерлері қатысты. Шара соңынан «Үлкен Күлтегін жазуының Қазақстанға оралуы» атты деректі фильмі көрсетілді. Қатысушылар шара тақырыбына орай және аталмыш фильм туралы өз ойларын ораға салып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.