Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тренинг жұмысын бастады
15 маусымда Абай кітапханасында екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Дербес компьютер негіздері» атты оқу тренингі басталды.
Екі аптаға созылатын сабақ барысында компьютерлік сауаттылық негіздері бойынша дәріс оқылады. Тренинг мүгедек жандарға дербес компьютер туралы бастапқы мәліметтер беру және пайдаланушы дағдыларын меңгеруге көмектесу мақсатын көздейді. Тренинг мүмкіндігі шектеулі азаматтарға компьютерлік технология саласында білімін шыңдауға, қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде сезінуге, өздерінің өмір сүру деңгейін арттыруға көмектеседі. Білім беру мүгедек жандарды қоғамдық маңызды қызметке тартуға және оларды әлеуметтік оңалтуға жол береді.