Сурет көрмесі: бітіру жобасы
23 маусымда Абай атындағы кітапханада салтанатты түрде Семей қалалық 1 балалар көркемөнер мектебінің алғашқы түлектерінің мектеп бітіру куәлігін алу шарасы өтті.
43 түлек алуан стиль мен түрлі жанрдағы дәстүрлі әрі заманауи техникамен орындалған, 45 жұмыстарын ұсынды. Оның барлық композициясы шығармашыл және орындауы жағынан өте күрделі жұмыстар. Жас суретшілер бейнелеу өнерінде Әбілхан Қастеевтің, Айша Ғалымбаеваның, Гүлфайруз Исмайловалардың шығармаларынан үйреніп, сондай тұлғалар секілді қылқалам өнерінде өзіндік із қалдырсам деген арманы бар екендерін білдірді.
Кітапхана 4 жыл аралығында балалар көркемсурет мектебімен тығыз шығармашылық байланыста келеді, соның бір айғағы – 2011 жылы кітапханада жас суретшілердің алғашқы шығармашылық шараларын ұйымдастырып, оқырмандардың қошеметіне бөленген.