Қасиетті Рамазан айы – рухани бірлік арнасы: кітап көрмесі
25 маусым күні Абай атындағы кітапхананың оқу залында Рақым айы – Рамазан айына арналған –« Қасиетті рамазан айы -рухани бірлік айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай.Бұл айдағы ораза ұстаудың жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі,адамдардың бойында
имандылық қасиеттерді күшейтуге мүмкіндік беретін берекелі ай екендігі жайында оқырмандарға әңгімеленді.Көрмеде « Ислам ынтымақ пен бірлік жолында», «Мұсылмандық қағидалары», «Дін мен Дәстүр», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады», «Ислам қағидалары» және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылды.