Жазға – кітаппен бірге!: оқу марафоны
2015 жылдың 22 шілдесінде Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары және қонақтарына арнап, орталық саябақта «Жазға – кітаппен бірге!» тақырыбында оқу марафонын өткізді.
Оқу марафонының мақсаты: кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру. Марафон барысында кітап оқыса: сөздік қор көбейетіні, әртүрлі сала бойынша креативті ойлау дамитыны, вербальды қабілеттер артатыны туралы қысқаша мәлімет берілді. Шара барысы демалушылардың «Жас толқын» сериясымен басылып шыққан жас ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқудан басталды. Сонымен қатар, балалар Нұрғали Ораздың «Аяқталмаған ертегі» әңгімесі және «Ару мен құбыжық» ертегісінен үзінді оқу жарысына ат салыса катысты. Қатысушыларға тәтті тағамдар таратылды. Кітапханашылар балаларға кітапты жаз мезгілінде де оқуға тілек білдіріп, кітапханаға шақырды.