Бір ел болып «Көшпенділер» трилогиясын оқу: бестселлер шоу
Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 11 қыркүйек күні Орталық саябақ демалушыларына қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша бестселлер -шоу ұйымдастырды.
Саябақ демалушыларын жалпы акцияның шығу тарихымен, елімізде 2007 жылдан бастып осы акция өткізіліп келе жатқандығы туралы ақпараттандырып, биылғы жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалып алынғанын хабардар етті.
Кітапханашылар қала тұрғындарын XV-XIX ғасырлардағы Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейтін үш бөлімнен тұратын Есенберлиннің трилогиясының мазмұнымен таныстырып, Есенберлиннің өмірбаяны мен «Көшпенділер» трилогиясының қысқаша мазмұны жазылған буклеттер, бетбелгілер таратты. Саябақ демалушылары қызығушылық танытып, мәдени шарадан соң кітапханаға жазылушылар саны артты.